Эдди Хирн: Данияр Елеусінов маусым айында жұдырықтасады

Промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. «Осы бір жас жігітті чемпиондық жолында бастап жүруге мүмкіндік туды. Данияр Елеусінов Ұлыбританияда маусым айында жұдырықтасады, жақында анонс жариялаймыз», — деп жазды Хирн твиттердегі парақшасында. Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен отандасымыз 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын […]

Ронда Роузи Головкин — Мартиросян жекпе-жегін тамашалайды

UFC бұрынғы чемпионы Ронда Роузи 5 мамыр күні өтетін орта салмақтағы WBA (Super) IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекті тамашалайды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Рестлингте бақ сынап жүрген Ронда қазақстандық боксшының жақын досы. Сондай-ақ, ол Головкиннің қарсыласы Ванес Мартиросянмен бірге бір бапкердің қол астында жаттығады. Айта кетейік, […]

Ержан Залилов даңқты боксшымен жолықты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ержан Залилов Бильбао қаласында төрт салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Роберто Дюранмен кездесті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Даңқты боксшымен бірге түскен фотосын Ержан Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген. Еске сала кетсек, Ержан Залилов Испанияның Бильбао қаласында өткен жекпе-жегінде румындық Ионут Балутеге есе жіберіп, кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Айта кетуі керек, қазақстандық боксшы сегіз […]

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 43,7 млрд теңге әлеуметтік төлем жасады

Алматы. 30 сәуір. 7kun.k – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 2018 жылдың І тоқсанында өзінің әлеуметтік төлем алушыларына 43,7 млрд теңге төледі деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде ең көп төлемдер ана мен баланы қолдауға бағытталды. 51 мыңға жуық әйелге жүктілігіне және босануына байланысты демалыс ақысы төленді, […]

«Джиро д’Италия» Гранд-турына қатысатын Astana Pro Team құрамы

Astana Pro Team велокомандасы «Джиро д’Италия» велокөпкүндігіне қатысатын құрамын жария етті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Әлемдік деңгейдегі жарысқа елордалық команданының атынан Пельо Бильбао, Ян Хирт, Танел Кангерт, Андрей Зейц, Луис Леон Санчес, Давиде Виллелья, Алексей Луценко және Мигель Анхель Лопес бақ сынайды. Сондай-ақ, спорттық директорлар  Александр Шефер, Дмитрий Седун және Джузеппе Мартинелли жарысқа аттанады.  «Джиро д’Италия» көпкүндігі биыл […]

АҚШ-тың Javelin зымыран кешені Украинаға жетті

Вашингтон Киевке Javelin («Джавелин») атты танкіге қарсы зымырандар кешенін жеткізгенін растады. Бұл жаңалық төрт жыл бойы Украина ұлттық армиясымен соғысып жүрген ресейлік сепараистерді қолдап отырған Мәскеуді алаңдатып тастайды деп ойлайтындар жетерлік. 30 сәуірде АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Азат Еуропа/Азаттық Радиосының сауалына: «Қару әлдеқашан жеткізілді» деп жауап берді. Вашингтонда Украинаға аталған қаруды сатуға қатысты мәселе көп […]