Шетел құқық қорғаушылары қазақстандық белсенділермен кездесті

Астанада Италия парламентінің сенаторы Роберто Рампи мен Италияның адам құқығы жөніндегі федерациясының президенті  Антонио Станго қазақстандық бір топ белсендімен кездесіп, Қазақстандағы адам құқықтарының жай-күйіне қатысты мәселелерді талқылады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Астанадағы Еуропа елдері дипломатиялық өкілдіктері жанындағы қонақүйде өткен кездесуге Қазақстанда 10 мамырда болған митингілерде ұсталып, қамалған белсенділер жиналды. Олар Қазақстанда еркін түрде бейбіт жиын өткізу құқықтарын […]

Пойыз апатының құрбаны мен жараланғандардың аты-жөні жарияланды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы 17 маусым күні Шу станциясында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауы кезінде қаза тапқан адам мен жараланғандар туралы мәлімет жариялады. Басқарма мәліметінше, 14 адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Жарақат алғандардың біреуі Шу қалалық ауруханасына түсіп, қалған 13-і ем-дом алған соң үйлеріне қайтарылды. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қаза тапқан адам — Шу қаласының […]

Түркия президенттігіне кандидат түрмеден үндеу жасады

Түрмеде отырған түркиялық күрд саясаткері, президенттіктен үміткер Селахаттин Демирташ 24 маусымға белгіленген президент сайлауы қарсаңында үндеу жасады.  Саясаткердің 10 минуттық үндеуі мемлекеттік TRT телеарнасынан трансляцияланды. Демирташ үндеуде Түркияның қазіргі саяси жүйесін «репрессивті режим» деп атады. Түркия заңы бойынша, президенттікке кандидаттың қоғамдық телеарна эфирінен 20 минут тегін үгіт-насихат жүргізуге хақы бар. Демирташ Халықтық-демократиялық партияның (HDP) бұрынғы жетекшісі […]

SIPRI: Ядролық қаруы бар елдер арсеналын жаңартып жатыр

Әлемдік державалар 2018 жылдың басына дейін ядролық оқтұмсықтарын 14935-тен 14465-ке дейін қысқартты деп хабарлады Стокгольмде орналасқан халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI). Ұйымның 18 маусымда жариялаған есебінде ядролық қаруы бар негізгі елдер арсеналын азайтқанымен, ядролық қару-жарағын жетілдіріп жатқаны айтылады. АҚШ пен Ресей ядролық арсеналын біртіндеп азайтып жатқанымен, әлі де әлемдегі барлық ядролық қару-жарақтың 92 пайызына ие. […]

Бішкекте Тұңғышбаевты Қазақстанға қайтармауды талап етті

18 маусымда Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдында он шақты азаматтық белсенді мен құқық қорғаушы наразылық акциясын жасап, қазақстандық белсенді әрі блогер Мұратбек Тұңғышбаевты экстрадицияламауды талап етті. Акцияға Тұңғышбаевтың анасы, әйелі, қазақстандық және Қазақстаннан екі белсенді қатысты. Акцияға қатысушылардың бірі, “Қоғамдық талдау институтының” директоры әрі белсенді Рита Карасартова Азаттық тілшісіне блогерді елге қайтару туралы шешімді заңсыз деп атады. — Себебі […]

Жапонияда жер сілкініп, үш адам қаза тапты

Жапонияның батысындағы Осака қаласында 18 маусым күні жер қатты тербеліп, кем дегенде үш адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. Kyodo агенттігінің хабарлауынша, жүз бассейні кешенінің қабырғасы тоғыз жастағы қызды және шамамен жасы сексендегі екі ер адамды басып қалған. Жергілікті билік өкілі бірнеше ғимарат қирап, үйлердің терезелері сынғанын хабарлады. Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 6,1 […]

Алматыда көп қабатты үй өртеніп, ондаған адам эвакуацияланды

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, ондаған тұрғын эвкуацияланды. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, өрттен ешкім жардап шеккен жоқ. Жамбыл және Мұратбаев көшелерінің қиылысында орналасқан үйден шыққан өрт таңертеңгі сағат 9 шамасында сөндірілді. Үйдің 200 шаршы метрге жуық шатыры өртенді. Құтқарушылардың айтуынша, үйден 100 шақты адам, оның ішінде 20 бала шығарылды. Қазақстанда үйлер мен […]

Ресей еңбек конфедерациясы бейбіт митингіге дайындалып жатыр

Ресейде зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петицияны дайындаған Ресей Еңбек конфедерациясының президенті Борис Кравченко бейбіт қарсылық акциясын өткізетінін мәлімдеді. РБК агенттігіне берген сұхбатында Кравченко петиция зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы кампанияның бір кезеңі ғана екенін айтты. Ресей еңбек конфедерациясы келесі аптада зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы ұжымдық іс-қимыл жасайтын қоғамдық штаб құруды жоспарлап отыр. Штаб коалициясына […]

Ауылдағы зоопарк

Еркелеп аққан Есіл өзенінің сағасында үлкенді кішілі ауылдар жетіп артылады. Сол ауылдардың ішіндегі бірегейі Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты «Родина» ауылы. Осы ауылдың аты аталғаннан дәмі ауыздан айырғысыз сүт өнімдері еске түсе кетеді. Астана қаласын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған аядай ғана ауылдың атағы аспандап тұр. «Родина» ауылы 1800 тұрғыны бар «Родина» ауылынан керектінің бәрін […]

Адвокат: Трамп "Ресей ісімен" сотталғандарға рақымшылық жасамайды

АҚШ президенті Дональд Трамптың мүддесін қорайтын адвокат Руди Джулиани мемлекет басшысының «Ресей ісі» бойынша сотталғандарға әзірге рақымшылық жасау жоспары жоғын, бірақ мұндай құқықты арнайы прокурордың тексеруі аяқталған соң пайдалануы мүмкін екенін мәлімдеді. CNN бағдарламасында сөйлеген Джулиани қазіргі уақытта рақымшылық жасауға қажеттілік жоғын және мұндай қадам «ешқандай қылмыс жасалмаған жерде әділетсіз тергеу жүргізіліп жатқанын көрсететін өте айқын […]