Qaztest.kz сайты тест сұрақтарын дайындайтын мамандар іздейді

SKILLS ACADEMY мекемесінің құрамына кіретін Qaztest.kz сайты — қазақ тілді аудиторияға арналған интернет олимпиада сайты. Сайт оқушыларға және мұғалімдерге арналған бірнеше жобаларды жүзеге асырды. Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған «ең үздік қазақ тілді сайт» байқауында «Білім бұлағы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. […]

2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі

2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстары бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған […]

«Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» жарық көрді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында «Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» жарық көрді.  Энциклопедия «Полиграфкомбинат» ЖШС («Атамұра» баспасы) баспаханасынан өте жоғары сапада, түрлі-түсті форматта басылып шығарылды. Жинаққа Республикамыздың барлық өңірлерінен толық қатысты. 250-ден аса білім беру мекемелерінен 1500-ден астам педагог мамандары мен оқушы, […]

Ozattar — Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында жинақталған «OZATTAR – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» туралы оқырмандарымызға ақпарат беруді жөн көрдік. Энциклопедияға өтініштер 23 сәуірге дейін қабылданды. Қабылдау біткеннен кейінгі екі апта ішінде өтініштерді жинап, кітапты беттеу және дизайнерлік жұмыстары жасалынды. Дәл […]

Алматыда республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтеді

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР –ТРЕНИНГ «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ» АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қолдауымен ұлттық білім берудің сапасын жақсарту  мақсатында 5-12 мамыр (2018 жыл) аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында /№230 ауд / Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызының […]

Сәбитова Асылзат Сәбитқызы — ІІ Республикалық «Жас маман» байқауының жеңімпазы

Martebe.kz  ақпараттық білім порталы II Республикалық «Жас маман» байқауын ұйымдастырып жатқандығы туралы естіген күннен «қатыссам» деген бір ауыз сөз санамда жатталып қалса керек, сол қызығушылығым мен азды-көпті тәжірибемді көрсетсем деген мақсатым ұштасып, «сабақты ине сәтімен» демекші, қызу дайындықты бастадым. Бұл байқау туралы балабақшамыздың директоры Стамғалиева Баршагүл Қабдолқызынан бүкіл ұжымның жас мамандары хабардар болған едік. Алдымен […]

ІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы олимпиадасының қорытындысы мен марапат қағаздары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған ІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы олимпиадасы өз қорытындысын жариялайды. Олимпиада нәтижесінде ең жоғарғы 25 баллдаы алған қатысушылардың арасынан уақыт көрсеткіші бойынша іріктелініп, ең үздік 25 оқушыға бағалы сыйлықтар тағайындалды. Сонымен қатар, олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, […]

ІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы олимпиадасның марапат қағаздары (Жүктеп алу)

ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОЛИМПИАДАСЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНІҢ МАРАПАТ ҚАҒАЗДАРЫ ЖҮКТЕП АЛУ Жүктеп алу үшін нұсқаулық 1. Жүктеп алу батырмасын басып, дипломдар сақталған бетке өтіңіз. 2. Іздеу жүйесіне қатысушының аты-жөнін жазып тауып алыңыз. 3. Дипломды ашып дұрыстығына көз жеткізіңіз 4. Оң жақ жоғарыдағы САҚТАУ батырмасын басып, дипломды компьютеріңізге жүктеп алыңыз 5. Басқа сұрақтарыңыз болса, qaztest.kz@mail.ru почтасына жазыңыз! […]

ІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы олимпиадасының жүлдегерлері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылған ІІ Республикалық А.Байтұрсынұлы олимпиадасы өз қорытындысын жариялайды. Олимпидасына ережесіне сәйкес 20 ұпайдан жоғары алған қатысушылар дәрежелі дипломмен, жетекшілері алғыс хатпен марапатталады. Марапат қағаздары 23 сәуірден бастап сайтқа жүктеледі. Немесе қатысушылар qaztest.kz@mail.ru почтасына өтініш жазып, дипломдарын электронды […]

Озаттар энциклопедиясына қабылдау 23 сәуір күні аяқталады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында республикамыздағы білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген үздік қызметкерлер мен озат оқушылардың есімін жинап, баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында жарық көргелі отырған Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктері энциклопедиясына қабылдау 23 сәуір күні аяқталатынын хабарлайды. […]