Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов төтенше жағдай жарияланған Семей қаласына келді. Қала басшысы Е. Сәлімовті жанына ерткен облыс әкімі жағдаймен танысуды Ертіс өзенінің Мирный кенті аумағындағы жағалауына барудан бастады. Жарылыс жасаудың нәтижесінде қопарылған мұздар жағалауда тау болып үйіліп қалыпты.

Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

Ахметовтің келетінін естіген болса керек, ТЖ қызметіне қарасты өрт сөндіру машиналары жедел үйдің аулаларындағы суларды сорып, Ертіске төгіп жанталаса қимылдап жұмыстарын барынша көрсетіп жатты. Облыс әкімін жолдан күтіп алған осы төңіректегі Загородная көшесінің тұрғыны Серғазы Төлегетаев жарылыстың қате жасалғаны өз алдына уақытынан кешіккенін де жайып салды.

Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

— Мен бұл жерде 20 жылдан бері тұрып келемін. Ертіс өзенінің көтерілуін жаңа көріп отырған жоқпыз. Бұған дейін наурыз айының басында мұзды жару жұмыстары басталып, өзен суы біртіндеп осы уақытта өз арнасымен ағып, деңгейі төмендеп кетіп жататын. Бірден айтайын, жарылысты кешіктіргенімен қоймай, төменіректегі бізге де кесірі қалай тиетініне мән берілген жоқ. Негізінде жөнді білетін адам жоғары жақтан емес, төменгі тұстан бастап жарады. Жоғары жақтан бір-ақ жарып жібергенде етектегі біз сияқты үйлердің жайы не болатыны ешкімді ойландырмады. Оның үстіне жарылыс жасайтынын күні бұрын ескерткен жоқ. Бар болғаны су келуі мүмкін, сақтанып отыруды тапсырды. Оны өзіміз де іштей сезіп отырғанбыз, бірақ, дәл бұлай ауламызға су кіріп, тастап шығамыз деп ойламадық. Қазір 42 мектепті уақытша паналап отырмыз,- деді С. Төлегетаев Ахметовке.

Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

Өзі жақсы білетін төңірек тұрғындарының да басындағы жағдайды баяндап, қала басшылығына сын айтқан азаматты Ахметов күле сөйлеп алдарқатып, жылы сөйлеп жұбатуға тырысты. Тіпті, жолай жай-күйін айтқан тағы бір азаматқа «Не бойся, я с тобой» дей келіп, жалпы шығындар өтелетіндігін, комиссия жұмыс істеуді бастайтынын айтып жұбатты.

Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

Бұдан кейін Пристань аймағындағы Краевая көшесіндегі бірнеше үйлерге барған Ахметов жылап-сықтаған аналарды сабырға шақырып әлекке түсті. Осы көшедегі 31 үйдің тұратын Сандуғаш Зайтекова дүние- мүлкінің бүлінгенін, үйінің тұруға келмейтінін айтып шағымданды. Бір байқалғаны үйдің еденін су алғанымен, төбесі, қабырғасы аман екен. Жергілікті биліктің ескертусіз әрекетіне ашынған ананы жұбатқан Ахметов үйдің бүлінген тұстары болса, жөнделетінін бірнеше рет түсіндіруіне тура келді. Ал үй иесі өзі кірісер болса да қолдаудан тыс қалмайтынын айтқаны сол еді, «Өзің жинап ал дейсіз бе сонда?» деп тағы да сөзін бөліп жіберді. «Ал, онда мен тазалап берейін, қане, күрек бар ма?» деп пальтосының түймесін ағытып жан-жағына аңтарыла қараған Ахметовті енді көрші тұрғындар сабырға шақырып, бәрін де түсінген сыңай танытты.

Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

Семейде төтенше жағдай жариялануына орай Астанадан келген Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетінің төрағасы  Ислам Әбішев қала әкімі Е. Сәлімовтің бұған дейін «Шүлбі ГЭС-індегі суды үш есеге көбейтіп, қалаға ескертусіз су жіберуінен осындай жағдай қалыптасты» деген сөзін жоққа шығарды. Комитет төрағасының айтуынша, Ертіс су бассейні инспекциясы тарапынан Шүлбі ГЭС-інен су жіберілетіндігі жөнінде наурыз айының соңында екі рет жазбаша түрде ескерту хаты жолданған.

Мен бұл арада қала әкімін кінәлап отырған жоқпын. Егер ГЭС-тен су жіберілмей кемерінен асып кеткенде Құдай бетін аулақ қылсын, сіз де біз де бұл жерде тұрмайтын едік. Су жіберудің де өзіндік режим тәртібі бар. Мұзды астымен жіберу және үстімен жіберу. Су мұздың үстімен жіберілгенде Семейдің жартысы су астында қалар еді. Және Павлодарға да қауіп төндіретін еді. 200-ден астам үйге зақым келуі де оңай емес, әрине. Бірақ, бәрі де заң аясында адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалды. Ал, енді, осы тұрғыда туындап жатқан түрлі түсінбеушіліктерді заң органдары тексеріп өздері анықтайтын болады,-дейді И. Әбішев.

Ахметов Ертістің сол жағалауына бара алмай кетті 

Қайтарында БАҚ өкілдерімен кездескен ШҚО әкімі Д. Ахметов Семейде 287 үйге зақым келгенін, 50 үйдің суда тұрғанын мәлімдей келе, облыс бойынша жалпы шығын 72 млрд 205 млн теңгені құрайтынын айтты. Бұған Семей мен су тасқынында қалған  Зырян қаласы әлі енген жоқ. Облыс әкімінің сөзінше, Семейде апат салдарын жою және тұрғын үйлерді жөндеуге 70 млн. теңге бөлінетін болады. Сондай-ақ 3 күннен кейін тағы да Семейге оралатынын айтқан Ахметов барлық мәселелерді Е. Сәлімовтің шеше алатынына сенімін білдірді. Д. Ахметов бұл сапарында сол жағалаудағы суда қалған Бобровка кентіне ат басын бұра алмаған қалпы аттанып кетті.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Семей қаласы   

 

Түпнұсқа

dastan Author